«AMANAT»: Сайлауалды бағдарлама аясындағы оныншы «Келешек мектебі» пайдалануға дайын
Қызылордада «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында жоспарланған соңғы «Келешек мектебі» пайдалануға дайын.
Жұмыс аптасында білім ордасымен Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаев танысып қайтты.
СПМК-70 мөлтек ауданынан салынған білім ошағы 1500 орынға арналған. Жаңа ғимарат заманауи талаптарға сай. Мұндағы оқу кабинеттері соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған, арнайы STEM-зертхана, кітапхана, спорт және акт залы, асхана бар. Нысан жақын күндері толық пайдалануға берілмек.
Ірі су айдындарының экожүйесін сақтау мәселелері кеңесте қаралды
«AMANAT» партиясы жанындағы республикалық экологиялық кеңестің отырысы өтті. Онда ірі су айдындарының (Каспий, Жайық, Арал) экожүйесін сақтау және қалпына келтіру шараларын іске асыру мәселелері қаралып, талқыланды.
Жиынға өңірден бейнебайланыс режимінде партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, аймақтық экологиялык кенестің төрағасы Жорабек Нұрымбетов, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Еркебай қатысты.
Кезекті отырыс
«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Оған партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы мен комиссия мүшелері және аумақтық филиалдардың атқарушы хатшылары мен партиялық бақылау комиссияларының төрағалары қатысты.
Жиында партияның «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасының енгізілген автомобиль жолдарын орташа, күрделі жөндеу жұмыстары туралы және партияның Қармақшы, Байқоңыр филиалдарымен партиялық бақылау бекеттерінің жұмысы, жалпы партиялық бақылауды ұйымдастыру және ішкі партиялық тәртіпті нығайту бойынша мәселелер қаралды.
Қарызсыз қоғам: Болашаққа сеніммен қадам бас
«AMANAT» партиясы Үкіметпен бірлесе «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосып, азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етіп келеді.
Жұмыс аптасыда партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева және жобаның облыс бойынша өкілі Балдырған Маменмен бірге Отбасын қолдау орталықтары мамандарымен ZOOM платформасы арқылы кездесу өткізіп, «Қарызсыз қоғам» жобасы тиімділігін арттыруға бағытталған Битрикс бағдарламасының механизмдерін тағы бір рет талқыға салды.
Тұрақты комиссияның отырыс өтті
Аптада облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, комиссия төрағасы Балжан Шәменованың төрағалығымен мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары мен сала мамандары қатысып, «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 130 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Партия мүшесі ауыл әкімі болды
9 қараша күні өңірде Шиелі ауданы Алмалы ауылдық округі әкімі лауазымына сайлау өтіп, «AMANAT» партиясының мүшесі Нұрдаулет Абсултанов өз кандидатурасын ұсынған болатын.
Сайлау қорытындысымен партияласымызды сайлаушылардың 85 пайызы қолдап, Алмалы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
«Чемпиондық рух» жобасы өтті
«АMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалы және №125 Қызылорда мектебінің ұйымдастыруымен «Чемпиондық рух» жобасы өтті.
Республикалық шараға арнайы қонақ болып Сыр мақтаныштары 2025 жылғы грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали, 2022 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Мақсат Исағабылов, пара пауэрлифтингтен жасөспірімдер арасында 2 дүркін Әлем чемпионы Снежанна Бойко, Пара пауэрлифтингтен әйелдер арасында Әлем чемпионы Фариза Төлжан келді.
150 жастың қатысуымен өткен таңғы жаттығуды Мақсат Исағабылов бастап берді. Сол секілді Фариза Төлжан мен Снежанна Бойко да жастарды жаттығуға баулыды.
Айта кетейік, жастар таңғы жаттығудан соң чемпиондармен «Bir tolqynda» ашық диалог алаңын өткізді. Ел мақтаныштары өздерінің бастан өткерген қиын әрі қызықты сәттерімен бөлісіп, жастардың сауалдарына жауап берді. Кездесу соңында жастар чемпиондармен естелік суретке түсіп, ерекше көңіл-күйде тарқасты.
Тазалық-қоғам алдындағы ортақ жауапкершілік
«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен Жалағаш кентінде кезекті «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті.
Бұл жолғы тазалық жұмыстары Жеңістің 50 жылдығы көшесінің бойында жүргізіліп, аумақ күл-қоқыстан, қураған шөптер мен тұрмыстық қалдықтардан толықтай тазартылды.
Акцияға аудандық мәслихаттағы партия фракциясының депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, еріктілер мен жастар жұмылдырылып, 60-тан астам азамат белсенділік танытты.
Акция барысында 3 шақырымға жуық көше аумағы тазаланып, 4 тоннаға жуық қоқыс арнайы орындарға шығарылды.
Аумақтардан ақпарат
Аптада Арал ауданы руханият орталығында “Creative Caravan” облыстық креативті көрмесі аясында қатысушылар мен “AMANAT” партиясы аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты өкілдерінің қатысуымен арнайы оқыту дәрістері мен диалог алаңы ұйымдастырылды.
Сондай-ақ Қазалы аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының мүшелері «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсібін дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкер Толқын Бижанованың «Толқын тәттілері» атауымен ашылған цех жұмысымен танысты
Тұрғындар тілегі тыңдалды
Жұмыс аптасында облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев, ҚР ҚМ МКК Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Асқар Елеманов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қызылорда қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасының бастығы Ләззат Темірова кестеге сай қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауларға 20 адам келіп, 12 азаматтың өтініші оң шешіліп, 8 тұрғынның мәселесіне заңнамалық түсіндірме берілді.





