Президенттің цифрлық күн тәртібін жүзеге асыру – «AMANAT» партиясының басымдығы
«AMANAT» партиясында цифрлық даму және жасанды интеллект мәселелері жөніндегі республикалық партиялық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.
Жиынға онлайн форматта партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және мониторингтеу қызметіне жауапты сала басшылары талқылауға қосылды.
Отырыстың негізгі тақырыбы – Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басымдықтарын жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетті цифрлық тұрғыда жаңғырту және азаматтардың цифрлық сауатын арттыру бойынша нақты қадамдар жасау. Талқылау барысында IT-қоғамдастық партияластардың ел аумағындағы әр ауданда өз IT-хабын құру идеясына қолдау білдірді.
Құрылтайдың табысты өтуіне атсалысқан партияластар марапатталды
Аптада партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай аппарат жиынын өткізіп, құрылтайдың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан партияластарға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Алғыс хатын табыстады.
Жиында филиал төрағасы Ұлттық құрылтайдың V отырысында көтерілген маңызды бастамаларға тоқталып, Ел Президентінің Сыр өңірінің дамуына қатысты аймақ басшысына берген бағасы барлығымызға жауапкершілік жүктейтінін жеткізді.
«AMANAT» партиясы жанындағы экологиялық кеңесте медициналық қалдықтар мәселесі қаралды
Қазақстанда медициналық қалдықтарды басқарудың өзекті мәселелері, оның ішінде нормативтік талаптарды жетілдіру және құқықтық қолдану практикасы «AMANAT» партиясы жанындағы Экологиялық кеңестің отырысында қаралды.
Жиынға өңірден партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, облыстық филиал жанындағы Экологиялық кеңес төрағасы Жорабек Нұрымбетов және жауапты басқармалардың басшылары мен кеңес мүшелері бейнебайланыс арқылы қатысты.
Отырыстан соң күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес өңірде атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды.
Партия филиалының төрағасы Қармақшы мен Байқоңырда іс-сапарда болды
Аптада «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қаласында жұмыс сапарында болды.
Алдымен төраға Байқоңыр қаласында партия активімен кездесу өткізіп, жергілікті тұрғындарға жеке қабылдау жасады. Одан бөлек бастауыш партия ұйымының жұмысымен танысып, жас көшбасшылармен жүздесті.
Мұнан соң төраға Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбекпен кездесіп партияның «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бағытындағы Жол картасының орындалу барысын талқылады. Сондай-ақ іс-сапар барысында Жосалы кентіндегі «Ауыл аманаты» жобасы аясында жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысанның жұмысымен танысты. Партия активімен, жас белсенділермен кездесулер ұйымдастырылды. Сондай-ақ Дүр оңғар ауылындағы газ құбырының, спорт кешенінің және дәрігерлік амбулатория нысандарының жұмысымен танысты.
Әдебиет пен ғылымға құрмет: Бағдат Кәрібозұлы атындағы дәрісхана ашылды
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлы атындағы «Әдебиет теориясы» дәрісханасы ашылды.
Салтанатты шараға «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай қатысып, партияның Атқарушы хатшысы Кәрібек Дәулет Жамаубайұлының жүрекжарды құттықтауын жеткізді.
Партия белсендісіне құрмет көрсетілді
Жастарды қолдау, ғылым мен инновацияны дамыту «AMANAT» партиясының басым бағыттарының бірі. Осы орайда партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай өңіріміздегі іргелі оқу орындарының бірі Қорқыт ата университетінің қаржылық-экономикалық әлеуетін нығайту, аймақтың білім мен ғылым саласын дамыту бағытында ұзақ жылдар қызмет етіп келе жатқан университет проректоры, партияның белсенді мүшесі Нұрлан Жеткергенұлы Оразбаевты партияластар атынан мерейлі 50 жасымен құттықтап, құрмет көрсетті.
Мемлекеттік сатып алудағы ашықтық пен тиімділік партия алаңында қаралды
Партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартайдың қатысуымен партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңес отырысы өтті.
Жиынның күн тәртібінде мемлекеттік сатып алу саласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланып, кеңестің құрамына өзгеріс енгізілді.
Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат
Партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында филиал төрағасы Жандос Базартай, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абизовпен бірге Қызылорда қаласындағы № 235 мектептің базасында орналасқан «Атамекен» мұражайында болып, төл тарихымыздан сыр шертетін тарихи жәдігерлермен танысты.
Мұражай 1972 жылы жылы ашылған. Қорында екі мың данаға жуық құнды жәдігерлер бар. Олар: соғыс кезіндегі киім, қарулар, қазақтың қазан-ошағы мен ыдыс-аяғы, шаруашылық дүниелер, баспа ақпараттар, фотоқұжаттар, қолөнер туындылары, көп жылдар бойы жемісті еңбек еткен ұстаздардың еңбектері т.б.
Тұрғындар көтерген мәселе партиялық бақылауға алынды
Өткен аптада «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартайдың қабылдауында Қызылорда қаласы, КБИ мөлтек ауданы, Қорқыт ата 2 көшесінің тұрғындары көшені асфальттау мәселесін көтеріп, қолдау көрсетуді сұраған болатын.
Ағымдағы жұмыс аптасында партияның облыстық филиалының төрағасы аталған көшеге арнайы барып, жолдың жай-күйімен танысты. Жауапты сала мамандарын шақырып, тұрғындармен бірге мәселенің мән-жайын жан-жақты зерделеді.
«Таза бейсенбі»: Жалаңтөс Баһадүр аллеясы қардан тазартылды
Жұмыс аптасында Арал ауданында «AMANAT» партиясы белсенділері аудан орталығында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында даңқты қолбасшы, тарихи тұлға Жалаңтөс Баһадүр аллеясында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында аллея аумағы қардан тазартылып, демалыс орнының айналасы ретке келтірілді.
Тұрғындар тілегі тыңдалды
Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Жорабек Нұрымбетов, фракция жетекшісінің орынбасары Мақсұт Нәлібаев, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Бекболат Шәріпбеков, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Ләззат Айтымбетова партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдау өткізді.
Қабылдауға 13 азамат өтінішпен келіп, олардың 2 оң шешімін тапты. 11 мәселе бойынша кеңестер берілді.





