Апта ағымында

439

0

«Студенттік емхана» жобасы таныстырылды

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы Білім және денсаулық сақтау мәселелері бойынша қоғамдық кеңес пен депутаттық фракция мүшелерінің бірлескен отырысы нәтижесінде партия бастамасымен Қызылорда қаласында барлық студенттер үшін «Облыстық бірыңғай студенттік емхана» бірлескен жобасын іске асыру тетіктері зерделеніп, «Бір терезе» қағидасына сәйкес толыққанды медициналық қызмет көрсетуге жүктемесі сәйкес келетін «Q-med» клиникасының базасында бірыңғай студенттік емхана жұмысын үйлестіру туралы ұсыныс көтерілген болатын.

Осыған орай ағымдағы аптада партия филиалында облыс орталығындағы жоғарғы және орта арнаулы білім беру ұйымдары өкілдеріне аталған студенттік емхананың жобасы таныстырылды.

Партиялық бақылау қызметінің нәтижелеріне талдау жасалды

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы Жол картасының жүзеге асырылуы мен орындалуы, партиялық бақылау комитеті мен комиссияларының 2022 жылғы қызметінің нәтижелері және 2023 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы талқылау жөнінде республикалық Партиялық бақылау комитетінің жоспарлы отырысы өтті.

Аталған отырысқа аймақтық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері ZOOM бағдарламасы арқылы қатысты.

Қолөнер шеберлерінің ұсыныстары тыңдалды

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалында аймақтағы қолөнер шеберлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуде нәзікжандыларға кәсіпкерлік кеңістігіндегі әйел азаматтардың белсенділігі мен оларға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар мен жобалар және гранттар жайында мәліметтер берілді.

Шара соңында өңіріміздің мәдениеті мен қолөнерінің дамуына үлес қосып жүрген шеберлерге алғыс білдіріліп, құрмет көрсетілді.

Жастар поэзия кешінде бас қосты

«Жастар Рухы»  ЖҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында егемендігімізге зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым көрсету мақсатында «Тәуелсіздік – ұлт рухының діңгегі» тақырыбында жастармен поэзия кеші өтті.

Тұрғындардың тілектері тыңдалды

Аптада партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде партия филиалының Атқарушы хатшысы Л.Төрешова, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі М.Ералиев, облыс прокурорының орынбасары Б.Мырзабаев,  облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Б.Байгелді және облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары М.Әліп азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізіп, тұрғындарға қолданыстағы заңнамалар аясында кеңестер беріп, кейбір талап-тілектердің оңтайлы шешілуіне ықпал жасады.

Жалпы апта ішінде аймақтық және аумақтық филиалдар мен бастауыш партия ұйымдарында іс-шаралар, қоғамдық кеңестер, фракция отырыстары, партиялық бақылау және т.б. түрлі форматтағы қоғамдық-саяси 34 іс-шаралар ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<