Ақай ауылының тұрғыны ұлттық жоба арқылы массаж орталығын ашты

853

0

Фото: Байқоңыр ӘКК

Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тұрғыны Анаргүл Мамбетова үлкендер мен балаларға массаж жасайтын және дамытатын массаж орталығын ашты. Анаргүл Елубайқызы бұл бизнесін 7 000 000 теңге көлеміндегі 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие көмегімен бастаған.

Өткен жылы өз жұмысын бастаған орталықта парафин, лазер, электрофарез, ЛФК, логопед кабинеттері қызмет көрсетеді. Балаларға және үлкендерге, мүгедектерге қажет массаждың барлық түрі жасалады.

Осы массаж жасау оқуын арнайы Ресей мемлекетінде оқығанмын. Өз елімізде осындай орталықты ашу туралы біраз ойландым. Мұнда массаж терапевтінің қызметін табу біраз қиындық туғызады. Яғни, ол үшін басқа ауданға немесе қалаға бару керек болды. Бағасы да арзан емес. Сондықтан менің орталығымда міндетті түрде балаға массаж жасайтын қызмет көрсетілуі керек деп шештім. Мемлекеттік қолдаудың арқасында арманым орындалды, – дейді кәсіпкер.

Анаргүл Мамбетованың айтуынша, орталықта массаж жасайтын тәжірибесі мол мамандар айналысады. Ол мамандардың ішінде өзі де бар. Қазіргі таңда бұл орталықтың қызметіне сұраныс өте жоғары болып, ауыл ғана емес, Байқоңыр қаласынан, көршілес аудандардан да келетін болған.

Бүгінде аталмыш орталыққа балалар көптеп келуде. Сондай-ақ, мүгедек жандарға да қызмет көрсетілуде. Орталық күніне 10-15 адамды қабылдауда. Кәсіпкер алдағы уақытта орталықты одан әрі кеңейтіп, УЗИ қызметін де қосқысы келеді.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<