Ақбайдың қауындары сатылымға шықты

633

0

Арал ауданында негізінен Ақирек ауылдық округіндегі шаруа қожалықтары мен тұрғындардың басым көпшілігі егін шаруашылығымен айналысады. Ақбай ауылында бақша өнімдерімен қатар, мал азығын егетін қожалықтар да бар.

Аймағымыз бен қатар көршілес облыс тұрғындары да Ақбайдың бренді саналатын – қауынға қызығушылық танытады. Биылғы маусымда ерте көктемнен бастап 30 шаруа қожалығы 106,5 гектар жерге бақша дақылдары егілді. Егістік алқабында тер төккен диқандар еңбегі алғашқы жемісін бере бастады. Яғни «Асхат-1» және «Нұр-Дана» шаруа қожалықтары бүгінгі таңда өз өнімдерін алуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<