Ділдәбекова Гүлмира Мағлұмқызы қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды aqmeshit-aptalygy.kz.
Гүлмира Мағлұмқызы 1980 жылы Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр атындағы ауылда дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы ҚМУ журналист мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2002-2019ж «Ақмешіт ақшамы» газетінде тілші қызметінен бастап, жауапты хатшы қызметін атқарған.
2019-2020 ж облыстық «Сыр бойы» газетінде тілші.
2020-2024 ж қалалық «Ақмешіт апталығы» газеті бас редакторының орынбасары болды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<