«QAZPATENT» ұлттық зияткерлік меншік институтының ұйымдастыруымен өткен «Жасанды интеллекті дамыту дәуіріндегі зияткерлік меншіктің рөлі» байқауында Қызылорда қаласындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы Ақнұр Мұсабаева жеңімпаз атанды.
Дәстүрлі байқауға биыл 200-ден астам шығармашылық жұмыс келіп түсті. Оқушылар ЖИ қолданудың этикалық аспектілеріне қатысты мәселелерді көтеріп, нейрондық желілерді оқыту үшін пайдаланылатын идеялар немесе деректер авторларының құқытарын қорғау жолдарымен бөлісті. Ақнұр жасанды интеллектінің ғылыми жаңалықтар мен инновацияларға әсері, авторлық құқық және патент алу артықшылығы және қажеттілігін талдап көрсетті.
«Байқау комиссиясы әрбір жұмысты мұқият талдап, идеялардың бірегейлігіне, эссе құрылымына, грамматикалық дұрыстығына және дәлелдердің күштілігіне назар аудара отырып, үздік жұмыстарды іріктеді», – дейді Ақнұрдың ұстазы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гаухар Мананбай.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<