Аққыр ауылдық округінің әкімі сайланды

244

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңына және аудандық сайлау комиссиясының сайланған әкімдерді тіркеу туралы шешіміне сәйкес, Шынжыров Бауыржан Серікұлы Аққыр ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланды.

Бауыржан Серікұлы 1989 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Қызылорда қаласындағы Абылай хан атындағы колледжін техник мамандығы бойынша, Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар Достығы университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2012 жылы Жалағаш аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде жастар тәжірибесінен бастаған. 2013 жылы Аққыр ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізушісі, 2016 жылдан осы кезге дейін Аққыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымын атқарып келді.

«Бауыржан Серікұлы, өзіңіз білесіз, ауылдық округ әкіміне қойылатын талаптар өте жоғары. Елді мекенде қоғамдық-саяси ахуалды қамтамасыз етіп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында аянбай еңбек ету қажет.

Ауылға инвестиция тарту, салық базасын ұлғайту, кәсіпкерлікті дамыта отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында нәтижелі жұмыс жасау тапсырылады.

Сонымен қатар, биылғы жылы күрделі жөндеуден өткізілетін жолдардың сапасына аса жауапкершілік танытып, құрылысы жүргізіліп жатқан спорт кешеніне тұрақты бақылау жасаңыз», – деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<