Ақсақалдар кеңесінің алғашқы отырысы өтті

1121

0

Бүгін Достық үйінде Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық Ақсақалдар кеңесінің алғашқы кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов пен облыстық, қалалық, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағалары мен мүшелері қатысты.
Ақсақалдар кеңесі – жергілікті қоғамдық ұйымдардың үлкен буын өкілдерінен, қоғамдық, оның ішінде этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың беделді мүшелерінен, сондай-ақ қоғамдық пікір қалыптастырушы көшбасшылардан құралды. Жиында облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов жаңадан жасақталған Ақсақалдар кеңесінің қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру мен өңірдің әлеуетін арттыруда ерекше маңызға ие болатындығын айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

– Өздеріңізге белгілі, бүгінгі күні Ассамблея еліміздің саяси өміріне әр түрлі қоғамдық, әлеуметтік саладағы ел азаматтарын тарту мақсатында жаңа тәсілдерді енгізуді жетілдіруде. Соның ішінде жаңадан құрылған Ақсақалдар кеңесі өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, ел бірлігін сақтауға атсалысып, ортақ іске зор үлес қосары анық, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, жаңа кеңес мүшелерінің дауыс беруі арқылы кеңестің төрағалығына қоғам қайраткері Ерманов Нұрмұрат Наятұлы, төраға орынбасарлығына ғалым, философия ғылымдарының докторы Қожамберлиев Баймырза Қожамберліұлы сайланды.
Облыстық Ақсақалдар кеңесінің қызметі республикалық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің бекіткен Ережесіне сәйкес, аймақтың бірқатар әлеуметтік мәселелерін шешумен айналысатын болады.
Отырыс соңында жұмыс жоспары бекітіліп, алдағы жоспарлар айқындалды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<