АҚШ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы лебізін жолдады

47

0

Фото: Руслан Желдібай\telegram

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов Президент Дональд Трампқа Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін екеуі аз-кем әңгімелесті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.

— Америка басшысы биыл қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақ үйдегі кездесуден алған әсерімен бөлісті. Құрама Штаттар көшбасшысы Қазақстан Президентіне жылы лебізін жолдап, оны құрметтейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты «халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам» деп сипаттады. АҚШ Президенті Мемлекет басшысына сый-сыяпат жолдады. Олардың арасында Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка да бар, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Президент АҚШ сапары аясында 20-дан астам кездесу өткізгенін жазған едік.

АҚШ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы лебізін жолдады