17 ақпанда Маңғыстау облысындағы «Бейнеу» полигоны аумағында Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза тапты.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға жоспарлы далалық атыс жаттығулары кезінде болған. Қару қолдану барысында сарбаз оқ жарақатын алған.
Бас прокуратураның мәліметінше, 17 ақпанда Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Оқиға орнына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор, Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаментінің бастығы барды.
Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды.
Іс бойынша процессуалдық прокурор айқындалды.
Істің тергелу барысы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тарапынан бақылауға алынды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды.
Айта кетелік Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметтегі сарбаз қаза болған еді.






