Embraer-190 ұшағы апатқа ұшырағанда қаза тапқан 3 экипаж мүшесі мен 21 жолаушының мәйіті бүгін Әзербайжанға жеткізіледі, деп хабарлайды Kazinform Trend-ке сілтеме жасап.
Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады.
Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты.
26 желтоқсанда Әзербайжанға 14 зардап шеккен адам және қайтыс болған болған төрт адамның денесі жеткізілді.
Ресей тарапының бастамасымен Владимир Путин Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.
Премьер-министрдің орынбасары, Үкіметтік комиссияның жетекшісі Қанат Бозымбаев Қазақстанға Ақтау маңындағы ұшақ апатын тексеру мәселесінде ешқандай қысым жасалып жатпағанын айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өтті.
Басқосуда Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға зардап шеккен шетел азаматтарына қажетті медициналық және психологиялық тұрғыдан толық көмек беруді, қайтыс болған Қазақстан азаматтарының туған-туыстарына айрықша қамқорлық көрсетуді тапсырды.
Ұшақ апатынан қайтыс болған азаматтардың туыстарына қаржылай көмек көрсетілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<