Ақтауда әкімдіктің алдында өзін өртеп жіберген ер адам қайтыс болды – БАҚ

43

0

Фото: Видеодан скрин

Маңғыстау облысында әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеп жіберген ер адам қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Басылым бұл ақпараттың расталмағанын атап өтті. 

Басылымның мәліметінше, 18 желтоқсан күні облыстық әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеп жіберген азаматтың көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Алайда бұл ақпаратты растап я жоққа шығаратын ресми органдар ешқандай пікір білдірген жоқ.

Бұған дейін ер адамның өте ауыр жағдайда екенін айтып, тыныс алуын сақтау үшін жасанды желдету аппаратына қосылғаны туралы жазған едік.

Stan.kz редакциясы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасына хабарласып көрді. Алайда ведомстводан ешқандай жауап болмады.

Айта кетейік, бұған дейін 5 желтоқсанда Маңғыстау облысы әкімдігінің алдында ер адам өзін өртеп жіберген еді. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған. Маңғыстау облысының әкімдігінің мәліметінше, ер адам облыс әкімінің қабылдауына кіргісі келген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<