Ақтаудағы ұшақ апаты: Көлік министрлігі мәлімдеме жасады

127

0

Фото: видеодан скрин

Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты көлік министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтау қаласының маңында «Баку-Грозный» бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. 

Оқиғаның мән-жайы нақтыланады.

Арнайы тергеу жүргізіледі.

Айта кетейік, Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. ТЖД оқиға орнына барды.

«Ақтауға ұшақ құлаған жерге ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамының 52 адамы мен 11 бірлік техникасы келді. Келген кезде ұшақтың өртеніп жатқаны анықталды. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазір зардап шеккендер туралы ақпарат анықталуда», – делінген хабарламада. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<