Ақтаудағы ұшақ апатында 25 адам аман қалды, оның біреуі бала, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы журналистерге министр Ақмарал Әлназарова хабарлады. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.
Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<