Ақтаулық блогер Қызылордада оңбай алданып, ақшадан қағылғанын айтты

636

0

Қызылордаға барған ақтаулық атышулы блогер Салтанат Аманқосова алданып қалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы блогердің өзі әлеуметтік желіде жария етті. Оны алдын ала келісім бойынша ұйымдастырушылар Қызылорда облысындағы қайырымдылық шарасына, сонымен бірге, жаңа нысанның лентасын қиюға шақырған. Алайда соңынан ол келіскен қаржысын алатын кезде ұйымдастырушыларды таппай, сан соғып қалды.

«Қызылордада бір нысанның ашылу салтанатында лентасын кесуге тиісті болдым. Барсақ адамдар жиналған екен. Үлкендер лентасын дайындап тұрды. Бізде мұндай жұмыстардың бәрі ақылы. Еріккеннен үш жыл бойы әлеуметтік желіде сайқымазақ болған жоқпын. Үлкен кісілер «лентаны қиып берсең» деген соң ұялғанымнан амалын істедім. Ал ұйымдастырушы бүкіл жерден ақшаны алып, сол күйі жоқ болып кетті. Қайдағы жоқ нысандарда «Салтанат Аманқосаның жанкүйерлерімен кездесуі өтеді» деп хабарландыру беріп қойған. Онда шаралардың ақшасы алдын ала ұйымдастырушыға төленген. Оған алданып қалған менің жүрісім мынау», — деді Салтанат Аманқосова бейнежазба арқылы.

Салтанат Аманқосова Қызылорда облысына барғанында алаяқтардың арбауына түскенін кеш білген Тіпті, мейрамханаларда тамақтанған сәтте де әлеуметтік желі арқылы жарнамалауға міндеттеліпті. Осылайша қыруар табысынан айрылып қалған блогер ұйымдастырушыны екі күннен бері таба алмай отырғанын айтып, көпшілікке жар салды.

«Мұндайда сабыр етудің өзі қиын. Сөйтсек, бұл ұйымдастырушы әнші, басқа да танымал адамдарды шақырып алып, осылай алдап кетеді екен. Кейбіреулерді ұрған жағдай да болыпты. Естігенім бойынша жастар арасында кеңінен танымал Қаракесек есімді әншіні де осылай алдаған. Қызылордаға қолқа салып, шақырған соң келіп едік. Келіп көргеніміз осы болып отыр. Қазір ұйымдастырушыны итпен іздеп таба алмай жатырмыз. Қызылорда мен Шиелі ауданында өткен қайырымдылық шарасына жауапты адамдар да таба алмай жүр. Кеше бір апа келіп маған жылады. Олар біздің атымыздан көп жерден жарнама алып, адамдарды алдап кетіпті», — деді блогер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<