Жол-көлік оқиғасы 7 желтоқсан күні сағат 08:40 шамасында Самара–Шымкент тасжолында болды. Ұлғайсын ауылы маңындағы жол апатынан 5 жолаушы көз жұмды.
– Жүргізуші Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына қарай бағыт алған кезде Әйтекеби ауданына қарасты Ұлғайсын ауылының маңында аударылды. Автобус салонында Пермь–Ташкент бағытында жолға шыққан Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған. Жол апатынан 5 жолаушы оқиға орнында көз жұмды, 11 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.






