Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз суицид жасады

228

0

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Ақтөбе облысындағы әскери бөлімде әскери қызметшісі-сарбаз көз жұмды. Бұл туралы ақпаратты Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі растады.

«Ағымдағы жылдың 23 қарашасында Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметіндегі мерзімді қызметтің әскери қызметшісі өзіне қару жұмсап, көз жұмды», – делінген хабарлама.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мұндай оқиғалар соңғы уақытта жиілеп кетті. Еске салсақ, жуырда ғана ШҚО-да мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза болды.  7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі — суицид.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<