Ақтөбеде 3 бала мен оларды құтқармақ болған әкесі суға батып кетті

273

0

Фото: Pexels

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының орталығында үш бала мен 39 жастағы ер адам суға батып кетті.

Оқиға бүгін Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов ауылы Ырғыз өзенінде тіркелді.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1985 жылы туған ер адам 2011, 2013, 2017 жылы туған үш баланы құтқармақ болған.

Оның екеуі — өз баласы, біреуі туысы. 

— Суға шомылу кезінде балалардың қасында ата-анасы болған. Құтқарушылар, полиция қызметкерлері және жергілікті тұрғындар 4 адамның денесін судан шығарды. Ақтөбе облысының тұрғындары мен қонақтарын суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Еске салсақ, маусымда Ақтөбе қаласында екі студент суға батып кеткен еді. 

Екеуі де М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттері. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<