Ақтөбеде адам өліміне әкеліп соқтырған апаттан кейін жеті полиция қызметкері жұмыстан босатылды

476

0

Сурет: Zakon.kz

Ақтөбеде полицей екі адам қаза тапқан жол апатына себепкер болды. Тексеруден кейін жеті полицей жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық жол полициясының баспасөз қызметі велосипедші мен жолаушыны қағып кеткенін хабарлады.

Полиция екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Анықталғандай 23 шілдеде шамамен сағат 00.50-де «Kia» автокөлігінің жүргізушісі Ақжар-1 ауылының маңындағы айналма жолмен жүріп келе жатып, жолаушысы бар велосипедшіге соқтығысқан.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын, жүргізуші қамауға алынғанын растады.

Ішкі тексеріс жүргізілді, оның нәтижесінде жеті жауапты қызметкер, оның ішінде тікелей басшылар қызметінен босатылды, – делінген Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Бұған дейін Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы 10 адам жарақат алғаны белгілі болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<