Ақтөбеде трансформатордағы адам өліміне байланысты тергеу жүріп жатыр. Жауапты мекеме мен төтенше жағдайлар қызметі өз нұсқасын айтты.
Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Кеңес Нокин ауылы Мичурина көшесіндегі № 25 үй маңында болды.
— Трансформатордың жанып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына жеткен кезде электр сымдарының қысқа тұйықталуы болғаны анықталды. Адамды тоқ ұрған. Сол кезде киімі жанған, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Ал трансформаторға жауапты «Энергосистема» ЖШС-і бұл жерде жарық сөнбегенін, ер адамның неліктен құлпын бұзып кіргенін білмейтінін хабарлады.
— 31 желтоқсан күні трансформатордың жанып жатқаны туралы ақпарат түскен соң шамамен сағат 18:00–де жарық беру уақытша тоқтатылды. Жарық беру уақытша тоқтатылғаны үшін кешірім сұраймыз. Кейін бәрі қалпына келтірілді. Қуаттылығы 10 кВ болатын тарату құрылғысының есігі күштеп ашылғаны көрініп тұр. Трансформатордың өзі жанбаған, құрал-жабдығы бүлінбеген. Қазіргі кезде электрмен жабдықтау орнында адам денесінің табылуына байланысты тергеу жүріп жатыр, — деді «Энергосистема» ЖШС-нің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Ақтөбе қаласы маңындағы Кеңес Нокин ауылында трансформатор өртенді. Оның ішінде адам болғаны анықталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<