Ақжармада ауқымды жоба жүзеге асуда

136

0

Фото: Қала әкімдігі

Биылғы жылдың тамыз айында Ақжарма ауылдық округіне газ желісін тарту жұмыстары басталған еді. Құны 1 миллиард 260 миллион теңге болатын ауқымды жоба жоспарға сәйкес 10 ай мерзімде аяқталуы тиіс болатын.

Дегенмен, мердігер мекеме «СМП – Қызылорда» ЖШС жыл соңына дейін көгілдір отынға қосуға бар күшті жұмылдырамыз деп отыр. Аталған ауылдық округке арнайы барып, жұмыс барысын пысықтаған қала әкімі Нұржан Ахатов: «Облыс әкімінің қолдауымен елдімекендерді көгілдір отынмен қамту жұмыстары қарқын алды. Биыл Ақжарма ауылдық округімен қатар Сабалақ саяжайына газ желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Ендігі кезекте мердігер компаниялар ауқымды жобаны сапалы аяқтауы қажет, – деді.

Айту керек, ауылдарды көгілдір отынмен қамтудың тиімділігі орасан. Бұл кәсіпкерлікті дамытуға, ең бастысы, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мол мүмкіндік береді.

Қызылорда қаласының әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<