Қарақат Әбілдинаның мектеп-студиясы Қызылорда қаласында да ашылды

855

0

Қарақат Әбілдинаның мектеп-студиясы Қызылорда қаласында да ашылды Қызылорда қаласында «Қарақат мектеп-студиясы» ашылды. Бұл туралы әнші Қарақат Әбілдина өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
«Ал, құрметті, қызылордалықтар! «Қарақат мектеп-студиясы» сіздің қалаңызда ашылғанын қуанышпен xабарлаймын! Мектепке қабылдау басталды. Өнерлі өрендерге есігіміз ашық», – деген әнші.
Желідегі әншінің оқырмандары мектептің жұмысына табыс тілеп, жүрек жарды тілектерін білдіріп жатыр. Сонымен қатар, көп балалы ата-аналарға және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына жеңілдік жасалса деген ұсыныстарын жеткізді.  Қарақат Әбілдинаның мектеп-студиясы Қызылорда қаласында да ашылды 
Айта кетейік, балаларды өнер жолына бағыттауға арналған бұл мектеп бұған дейін Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе қалаларында да ашылған болатын.