«Арай-2», «Арай-3» тұрғын аудандары тұрғындарының назарына!

470

0

Фото: қала әкімдігі

2025 жылдың 9 мен 15 сәуір күндері аралығында «Арай-2» тұрғын ауданынан құрылысы жаңадан салынған су қысымын көтеру насосты станциясы іске қосу жұмыстарының жүргізілетіндігін хабарлаймыз.

Осы жұмыстарға байланысты «Арай-2», «Арай-3» тұрғын аудандарында ауыз судың уақытша тоқтатылуы және ауыз су түсі өзгеруі мүмкін екендігін ескертеміз.

Қосу жұмыстарынан кейін ауыз су жүйелеріне жуып-шаю, тазалау жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтірілетін болады.

Аталған жұмыстарға байланысты туындаған қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.