Арал ауданы – спорт басқармасы кубогының иегері

253

0

«Мұз айдыны» спорт кешенінде ҚР Тəуелсіздік күніне арналған волейболдан спорт саласы қызметкерлерінің арасында Қызылорда облысы дене шынықтыру жəне спорт басқармасының кубогы сарапқа салынды.
Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Олжас Азатұлының ұсынысы бойынша басталған дүбірлі дода алдағы уақытта дəстүрлі түрде өткізіледі.
Жарысқа қала мен барлық аудан құрамаларынан 12 команда 125 қызметкер қатысып, жеңімпаз жəне жүлдегер командалар анықталды.
Жарыс мақсаты – Елбасының Жолдауынан туындайтын бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру жəне спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, қызметкерлер арасында достық қарым-қатынасты нығайту.
Жарыс нəтижесінде үшінші орынды облыстық спорт басқармасы иеленсе, екінші орын Сырдария ауданының командасына бұйырды. Ал, Арал ауданының құрама командасы ақтық сайыста 2:1 есебімен жеңіске жетіп, кубок иегері атанды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<