Биыл Арал ауданында 3,7 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда өсім 11,5%-ды құрады.
Жыл аяғына дейін ауданға 17,2 млрд.теңгеге жуық инвестиция тарту жоспарлануда. Сонымен қатар осы жылы Аралда бірнеше өндіріс орындары іске қосылады. Тиісінше мұнда жергілікті өнім түрлері көбейіп, жаңа жұмыс орындары құрылмақ. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Арал ауданының әкімі Серік Сермағанбетов бірінші жартыжылдықтың қорытындысын баяндады.
– Алдағы уақытта бюджет қаражатына деген тәуелділікті төмендету мақсатында тартылатын инвестицияның 75%-нан астамы жеке сектор қаражатын құрайтын болады. Ал индустриялық инновациялық даму мемлекетік бағдарламасының ІІІ бесжылдығы аясында 7 жоба жүзеге асырылады. Бұл жобалар іске қосылса 1500-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Атап айтсақ, «Балық қалдықтарын қайта өңдеу цехын салу», «Қамыс шатыр», «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау зауытын салу» , «Титан өндіру бойынша кен байыту комбинаты», «Балық және құс өсіру» жобалары мен «Тауарлы балықты өсіру және тереңнен өңдеу кешенін кеңейту» жобасы. Аталған жоболардың жұмыстары бойынша тиісті шаралар жүргізілуде.Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ауданда 200-ге жуық тұрғынды жұмыспен қамтитын 60 жоба қамтылған, – деді Арал ауданының әкімі Серік Сермағанбетов.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<