Арқа төріндегі тұрғындарға 85 жылдық тарихы бар Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын мен қарбызы, ұлттық сусындары жеткізіледі.
Сырбойылықтар жәрмеңкеге 140 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет және 30 тоннаға жуық балық өнімдері, 30 тоннадай көкөніс пен жеміс-жидектер, 260 тонна бақша өнімдері, 3 тонна ас тұзы, 10 тоннадай сүт өнімдері, 5 тоннаға жуық сөк, талқан және кондитер өнімдерін ұсынды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<