Арал қаласында дәмді шұжық өндірілуде

237

0

Фото: Байқоңыр ӘКК

Арал ауданының тұрғыны Жеңіскүл Қыстаубаева жылқы, сиыр, түйе, тауық етінен шұжық шығаруда. Оның өнімдері «М9» деген атаумен аудан тұрғындарына таныла бастады. Дайын өнім «Халал» технологиясы бойынша шығарылады. Жобаны «Байқоңыр» ӘКК» АҚ қаржыландырған. Жоба құны – 5,2 млн теңге.

Аталған кәсіпті табыс көзіне айналдыруды мақсат тұтқан Ж.Қыстаубаева Алматы қаласына арнайы барып, шұжық дайындау курсын оқыған. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша алған жеңілдетілген несиеге кәсіпкер қажетті құрылғыларды сатып алған. Қазіргі таңда күніне 20-25 келі шұжық өндіріледі.

Ұсынып отырған өнімді нағыз жергілікті деп айтуға болады. Шұжықтың 5 түрін шығаруға толық дайынбыз. Бүгінде бұл өнімге халықтың сұранысы арта түсуде. Себебі өзімізде өндірілгендіктен тұтыну­шы­ларға арзанға түсуде, – дейді кәсіпкер.

Айта кетейік, Арал қаласында алғашқы болып шұжық цехын ашып, халал өнімдерін тұрғындарға ұсынып отыр. Қазір кәсіпкер шұжықтарын азық-түлік дүкендеріне өткізіп отыр.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<