Арал қаласы аумағында орналасқан Жанназар Әлімбетов көшесі бойынан (көне «Арай» ғимаратының орны) «Дене шынықтыру-сауықтыру кешенін» салынуы жоспарлануда. Бүгінде аталған нысанның жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, оң сараптамадан өткізілді. Қазіргі таңда қаржыландыру жұмыстары жүргізілу үшін облыстық бюджетке өтінім тапсырылған.
Бұдан бөлек, аталған денешынықтыру-сауықтыру ғимаратының жанындағы бос тұрған учаскеге жеке инвестор тарту арқылы құны 250 млн. теңге тұратын «Боулинг» орталығының құрылысы салынбақ. Бұл кешен әсем қаламыздың көркін одан әрі ашып, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін жасалатын болады. Алдағы уақытта қала аумағындағы өзге де бос орындарға жеке инвестор тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын көбейту мақсатында жаңа нысандар салу жоспарлануда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<