Аралда үйге басып кіріп, қарақшылық жасағандар іздестірілуде

815

0

Қызылорда облысы Арал ауданында тұрғын үйге басып кіріп, қарақшылық шабуыл жасаған екі адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 8 тамыз сағат 16:00 шамасында болған. Сол уақытта аудандық полиция бөлімнің 102 арнасына Арал қаласының тұрғыны хабарласқан.

Полицияға хабарласқан азамат өзінің мекенжайына екі бейтаныс ер адам басып кіріп, ірі көлемде ақша және ұялы телефондарын тартып алып кеткенін айтып арызданған.

Күдіктілер оқиға орнынан бой тасалап кеткен.

«Аталған дерек Арал полициясында тіркелді. Бұл бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – деп мәлім етті Арал аудандық полиция бөлімінен.

Ведомство мәліметінше, күдіктілерді іздестіру бағытында жедел тергеу тобы құрылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<