Арал ауданының ауылшаруашылық саласында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Айталық, 2024 жылдың қорытындысымен салыстырғанда барлық мал басы санында өсім бар. Аудан территориясында балық шаруашылығы қамтитын Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі, Сырдария өзені және 17 көл орналасқан. Қазіргі таңда кәсіпшілік балық аулау мақсатында балықтың 16 түрі ауланады.
– Қазіргі таңда ауданда жылдық қуаттылығы 30 000 тоннаға жуық 10 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Өткен жылы 6726 тонна балық өңделіп, оның 3475 тоннасы алыс-жақын шет елдерге экспортталды. 2 кәсіпорында Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін «Еврокод» белгісі бар. Мұнан бөлек ауданда 15-ке жуық балықты сұрыптап қатыру және сақтау цехтары жұмыс істеп келеді. Шет мемлекеттерге экспортталатын балық өнімі 2024 жылмен салыстырғанда 608 тоннаға артық экспортталып, 121,2 пайызға ұлғайып отыр. Салада қолдан балық өсіру жұмыстары да қарқынды даму үстінде. Қазіргі таңда тауарлы балық өсіру шаруашылығы, тоған шаруашылығы және тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары арқылы балық өсірумен 16 шаруашылық айналысуда, – деді аудан әкімі.
Айта кетейік, осы жылы «Qazaq Camel» ЖШС-і Арал ауданында түйе сүтінен құрғақ ұнтақ сүт шығаратын зауыт салады.
– Өткен жылы аудан көлемінде 9 млрд теңге болатын 7 инвестициялық жоба жоспарланып оның ішінде 3,2 млрд теңге болатын 4 жоба іске қосылды. Тұрмысқа қажетті ұнтақ өндіру жобасымен«Ase Invest» ЖШС-і, Сексеуіл жолындағы «Sinooil» жанармай құю бекеті, «Қарашалаң балық» зауыты және «Petro Retail RFS»ЖШС-нің жол бойында қызмет көрсету орталығы жұмыс істеуде. Бұл жобалар арқылы 50 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Дәл осындай инвестициялық жобалар осы жылы да жалғасын табады. Биыл құны 5,8 млрд теңге болатын 3 жоба кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі. Олар түйе сүтінен құрғақ ұнтақ сүт өндіру зауыты, жоғары сұрыпты ас тұзы өндірісі, сондай-ақ Арал ауданындағы автомобиль газ толтыру комрессорлық станциясы бар көпфункционалды жол бойындағы кешені. Сонымен қоса Арал қаласындағы ілкімді жаңалық «Тоғыс-Аралотын» ЖШС-нің мотоцикл құрастыру зауыты жобасы да бар, – деді аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев..
Арал теңізіне қатысты мәселелер шетелдіктер мен халықаралық қорлардың назарын аудартқаны белгілі. Осы бағыттағы экологиялық ахуалды жақсартуға арналған жобалар ел үкіметінің де аймақ басшысының да назарында. Сондай-ақ жыл басынан бері Арал өңіріне келген ішкі туристер 14 мыңға, шет елден келген турист 900-ден асқан.
– Ауданда Орта Азияда алғаш рет «Geopark Aral»туристік орталығы ашылды. Бұл – Аралдың табиғи, тарихи, мәдени, экологиялық бай мұрасын сақтау мен танытатын, халықаралық стандарттарға сай орталық болмақ. Осы Арқылы ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктерінің қатарына қосылсақ 5 туристік нысанды халықаралық деңгейде дамыту үшін әлемдік қорлардан қаржы тартуға мүмкіндік аламыз. Саяхатшыларға Қамбаш жағажайы, Көкарал бекеті, Ақеспедегі «ыстық су» бұрқағы, Шижаға аққұмы, Көкарал су плотинасы, Барсакелмес мемлекеттік қорығы, Арыстанбаб, Бегім ана кесенесібелгіленген. Онда 40-қа жуық қоғамдық тамақтану нысаны қызмет көрсетеді, – деді аудан әкімі.
Мемлекет басшысы өткен жылғы жолдауында Кіші Арал теңізін сақтап қалу, Сексеуіл-Бейнеу бағытындағы автомобиль құрылысын бастауды жеделдетуді тапсырды. Биылғы жылы Қызылорда-Ақтөбе арасындағы 4 жолақты жаңа күре жол мен Бейнеу-Сексеуіл автожолының құрылысы басталады. Бұл жоба арқылы Сексеуіл кенті, Қосаман, Ақбасты, Құланды елді мекендерінің жол қатынасы жеңілдейді.
– Шижаға ауылында дене-шынықтыру сауықтыру кешені салынып жатса, Аманөткел ауылында 150 орындық мәдениет үйінің құрылы салынуда. Осы жылдың ауқымды жобаларының бірі – Сексеуіл кентінен 150 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебін салу жоспарда бар. Бұл жобаға «Қазақстан Темір жол» Ұлттық компаниясы демеушілік жасайды. Қазіргі уақытта құжаттарына заңдастыру жұмыстары жүруде. Сонымен бірге Арал қаласының Шанхай, Жаңауыл мөлтек аудандарынан тәулігіне 250 келушіге арналған емхана құрылысының жобасы мемлекеттік сараптамадан өткізілді, – деді Аманжол Сақыпұлы.





