Аралда анықталған алғашқы науқас ауруды қалай жұқтырған?

363

0

Қызылордада науқастар саны 72-ге жетті. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов олардың жағдайы қалыпты екенін жеткізді. 
Аймақтың бас дәрігері Арал ауданында тіркелген алғашқы жағдай бойынша ақпарат берді. 
– Сырқат пойызда жолсерік болып еңбек етеді. Түркістан облысында анықталған науқас мінген пойызда қызмет көрсеткен, – деді ол. 
Бүгінгі күні науқастар арнайы емдеу орындарында. Олармен қарым- қатынаста болғандардың жағдайы дәрігерлер бақылауында. 

Назерке Саниязова