Аралда бір отбасына қарақшылық шабуыл жасалды

238

0

Арал ауданында бір отбасына қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қылмыстық оқиғаны Қызылорда облыстық Полиция департаментінде растады.

«Арал ауданында орын алған қарақшылық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 3-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.  Қылмысқа қатысы бар күдіктілерді ұстауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шаралары өткізілуде. Қалған мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», – делінген Қызылорда облыстық Полиция департаментінің хабарламасында. 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<