Аралда тәулік бойы жаңбыр жауып, үйлерді су басу қаупі туындады

157

0

Арал қаласында өткен аптада жауған қар мен күні кеше тәулік бойы жауған жаңбырдың салдарынан бірқатар көшелер мен жеке тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады.
Арал ауданы әкімдігінен мәлім еткендей, су басу жағдайларының алдын алу жұмыстарымен 54 адам, 5 су тазартқыш көлік, 2 су тарту насосы және 2 жүк тиегіш, 1 камаз көлігі айналысуда. Сонымен қатар жолдарда жүруге кедергі келтірмеу үшін жолдар мен тротуарлар да мүмкіндігінше тазартылуда. Айта кету керек, қазіргі таңда ең бірінші кезекте су басу қаупі бар жеке тұрғын үйлер аумағында тазарту жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте, барлық коммуналдық қызметтер 24 сағаттық жұмыс кестесіне ауысты.