Аралдағы әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандар жұмысымен танысты

6

0

Фото: Облыс әкімдігі

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай Арал ауданына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандар жұмысымен танысты.

Алдымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасымен салынған 300 орындық №292 орта мектебіне барды. Мектеп заманауи талаптарға сай жабдықталған, кең әрі жарық сыныптарымен, пәндік-зертханалық кабинеттерімен ерекшеленеді. Физика, химия және биология кабинеттері тәжірибелік жұмыстар жүргізуге арналған арнайы құрал-жабдықтармен, заманауи зертханалық құрылғылармен толық қамтамасыз етілген. Информатика кабинеттерінде жаңа үлгідегі компьютерлер, интерактивті тақта және жоғары жылдамдықты интернет желісі қолжетімді.

Аралдағы әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандар жұмысымен танысты

Қайрат Нұртай көпбейінді аудандық аурухана жанындағы 25 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесінің жұмысымен танысып, «Қамқорлық» оңалту орталығына да барды. Ғимарат 289 млн теңгеге қайта жаңғыртылған. «Қазақстан халқына» қоры қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Орталықта балаларға мамандандырылған оңалту қызметтері көрсетіледі, сумен емдеу, шунгит, сенсорлық, интерактивті және тұзды шахта бөлмелері қарастырылған. Сонымен қатар, емдік дене шынықтыру, механотерапия және ойын залдары бар, логопед, дефектолог, психолог мамандар қызмет көрсетеді.

Сапар барысында әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлердің қазіргі жай-күйі де назардан тыс қалмады. Айта кетейік, өткен жылы Арал қаласында осы санаттағы 60 отбасы жаңа баспанамен қамтамасыз етілген болатын.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі