Аралдық кәсіпкерлер проблемаларына назар аударуды сұрайды

180

0

Кәсіпкерлер палатасының Арал ауданында өткен есепті кездесуінде бизнес өкілдері біраз мәселенің шетін шығарды. Кездесуге барған Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов Палатамен атқарылған жұмыстар жөнінде қысқаша ақпарат беріп, әр мәселеге қатысты түсіндірме жүргізді.
Аралдық кәсіпкерлер қызметкерлерге төленетін жалақыға қосымша экологиялық коэффициентті мемлекет көтерсе деген ұсыныстарын жеткізіп отыр, «қалтамызға салмақ салуда»,- дейді. Мұнан өзге, бизнес өкілдері құжаттарды жинақтап, ұсынғанымен уақытылы төленбей отырған субсидияға қатысты көмеккөрсетуді, қасқырдың малға шабу оқиғаларының көбеюіне орай шопандарға қару ұстауға рұқсат беруді, мал базарына сенбі-жексенбі мал әкелетін кәсіпкерлер үшін ветеринар мамандарының уақытпен санаспай жұмыс жасауын (ветеринарлар тиісті құжатты сенбі, жексенбі күндері база жұмыс жасамауына байланысты бере алмайды екен), балық шаруашылығымен айналысатын мамандардың тапшылығын, соған сәйкес маман даярлауға арналған оқу орталықтарын ашуды, балық қорының азаюының алдын алу үшін инкубациялық цех салу мәселесін қарастыруды сұрады.
Бұл мәселелердің барлығы ауқымды, әрі тиісті органдармен бірлесе шешуді қажет ететіндіктен арнайы жоспарға енгізілді. Алдағы уақытта қажетті шаралар қабылданатын болады.
Айта кету керек, Арал ауданында 3537 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасап тұр. Өткен жылы ауданда құны 831,1 млн теңгені құрайтын 357 жоба қаржыландырылған, оның ішінде несие 739,8 млн теңгені құрайтын 150 жоба, қайтарымсыз грант 91,3 млн теңгені құрайтын 207 жоба.
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде құны 316 млн. теңгені құрайтын 15 жоба екінші деңгейлі банк арқылы несие қаражатын алып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланды.
«Еңбек» бағдарламасымен «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 59 адам құны 207 млн.теңге несие қаражатын алған.
«Қарапайым заттар экономикасы» жобасы арқылы құны 12,3 млн теңге 3 жоба қаржыландырылды.
«Микробизнес Қызылорда» жобасы бойынша «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы құны 169,5 млн. теңгені құрайтын 38 жоба Бақылау кеңесінде мақұлданып, қаржыландырылуда. Сонымен бірге, жыл аяғында 35 млн. теңгені құрайтын 10 жобаның құжаттары рәсімделуде.
Стартап жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру мақсатында 50 қатысушыға 252 500 теңгеден, 150 қатысушыға 505 000 барлығы 88,4 млн. теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді.
«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі мемлекеттік конкурста 7 қатысушы 2,9 млн теңге грант қаражатына ие болды.
«Бастау-Бизнес», «Жас кәсіпкер» жобалары бойынша 585 адам оқу курсынан өтті.
«Бизнес-Кеңесші»  жобасы бойынша 75 адам оқу курсынан өтті.

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<