Аралды жаңбырмен толтырайын деп жүрген Алтай Айнабек алдағы күндері не болатынын айтты

306

0

Фото: instagram.com/altay_rainman

«Аралға жаңбыр жауғызамын» деген Алтай Айнабек қазіргі жұмыс барысы туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, шілдедегі жауындардан шаруалардан көп шағым келген.

  • жауын көптен шөп шіріді,
  • егін ора алмай қалдық,
  • банкрот болатын болдық қой,
  • не жейміз қыста? кім асырайды бізді? дегеннен кейін, шаруаларды аяп, үкіметке бұдан артық не дәлел керек деп, қондырғыларымыздың қуатын баяулатқан едік.

Технологиямыздың жұмыс жасау қыр сырын өзге жаққа жарияламау туралы келісімге қол қойып үкіметпен ғылыми жұмыстар жасассақ па деп едік, келесі көп жауынды Аралдың үстіне ғана жаудыратын этапқа өтсек па деп едік. Ал кейбір топ, мойындамақ түгілі, қарсы жұмыс жасап, барынша мойындамауға тырысып бағып жатыр», – дейді Алтай Айнабек.

Оның сөзінше, жақын күндері жауын қайтадан басталады.

«Енді бұлар бізге амал қалдырмады, тағы бір дәлелдеу үшін ерекше жауындарымызды үкімет ресми тоқтат, сендік, дегенше қайта жаудыру үшін жұмыстанамыз. Бұйырса жақын күндері керемет жауын қайтадан басталады. Мойындағысы келмеген топ шаруалардың алдында өздері жауап берсін енді!!!», – дейді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<