Арал тұрғыны заңсыз қару сақтаған

677

0

Бұл жөнінде облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында 22қаңтар күні сағат 19:30 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторымен қызмет атқару барысында 26 жастағы ауыл тұрғынының үйінде ІІО тіркеуде жоқ, 16-калибрлі, 2 ұңғылы аңшы мылтығы заңсыз сақталғаны анықталған.

Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482–бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданған.

Сурет: ғаламтордан алынды

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<