Аралға балық аулауға шығып жоғалып кеткен 2 адам табылды

652

0

фото ашық дереккөз

Қызылорда облысында теңізге балық аулауға шығып, хабарсыз кеткен екі адам табылды.

Оқиға Арал ауданына қарасты Қарашалаң елді мекені аумағында болған. Ауылдың екі тұрғыны 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 01:00 шамасында Арал теңізіне балық аулауға мотоциклмен шығып кеткен. Содан кейін байланысқа шықпаған.

«Хабарсыз кеткен балықшыларды жергілікті тұрғындар өз күшімен іздеуге шыққан. Нәтижесінде аталған екі азамат сағат 03:05-те Қарашалаң елді мекенінен 18 шақырым жерден табылған. Мұздың жұқалығынан екі азаматтың мотоциклі суға түсіп кеткен. Содан кейін олар мұздың үстінде теңіздің жағасын таба алмай, байланысқа шығуға мүмкіндігі болмаған. Олардың денсаулығына зиян келмеген. Медициналық көмекті қажет етпеген», – деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<