Қарақұйрықты заңыз аулағандар құрықталды

196

0

Қазалы ауданының тұрғындары екі қарақұйрықты заңсыз атып алып, жануардың өлі денелерін өз үйлеріне апарып, оларды жіліктеу барысында ұсталды. Аталған азаматтармен мемлекетке келтірілген шығын 8 миллионнан астам теңгені құраған.

Броконьерлер полиция қызметкерлері мен «Охотзоопром» жұмысшыларының бірлескен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында құрықталды. Олардың іс-әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 4-бөлігінің 2, 4 тармақтарымен сараланып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабының сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.

13 ақпан 2019 жылы сот үкімі негізінде заңсыз аңшылықпен айналысқан тұлғалар әртүрлі бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Ал, мемлекетке келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.

            Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<