Ардагерлерді ардақтады

622

0

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы сала ардагерлеріне арнап мерекелік шараға өткізді. «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесі аясында ұйымдастырылған жиында филиал директоры Аида Әбибуллаева зейнетке шыққан әріптестерінің еңбек жолы жас кадрларға өнеге болатынын айта өтті.

– Корпорацияның құрылғанына небәрі 6 жыл ғана уақыт болса да, бүгінде біздің филиалда 80-ге жуық ардагер зейнет жасына жетті. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дейді дана халқымыз. Сондықтан сіздердің еліміз үшін еткен еңбектеріңізді үлгі етіп, бүгінгі буынға насихаттау біздің парызымыз.Өздеріңіздей тәжірибелі тұлғалардың ақыл-кеңесіне жүгіну біздің жүгімізді жеңілдетері сөзсіз. Сондықтан ардагерлердің де аман-есен жүргені біз үшін қуаныш, – деді Аида Ибрагимқызы.

Құттықтаудан соң филиал басшысы ардагерлерге арнайы алғыс хат пен  сый-сыяпат табыс етті.

Салтанатты шарада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Қызылорда қаласының тіркеу және жер кадастры бөлімінің бас маманы Айымкүл Шындыбаеваны ұжымдастары зейнеткерлікке шығарып салды. Филиал директоры Аида Әбибуллаева зейнет жасына жетіп, құрметті демалысқа шыққан әріптесіне алғысын білдіріп, құрмет көрсетті.

Мерекелік бас қосуда сөз алған филиал жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы БолатбекПұсырманов ардагерлерін құрметтеген филиал ұжымына ризашылығын білдірді. Жиын одан әрі концерттік бағдарламамен ұласып, естелік суретке түсумен қорытындыланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<