Ардагерлерге құрмет көрсетілді

475

0

Фото: Ақжар ауылы

Аймақ басшысының «Мамыр мерекелерін» тиісті деңгейде атап өтуге берген тапсырмасына сәйкес, Ақжар ауылының зейнеткер ардагерлері, Ауған соғысы ардагерлері, көпбалалы аналар Қызылорда қаласының көрікті жерлерін аралады.

Ардагерлер алдымен «Нартай Бекежанов» театрында болып, «Шанель 5» қойылымын көрді. Онан соң «Анаға тағзым» орталығына барып, ұлттық құндылықтарды мен салт-дәстүрімізді насихаттап, ұлт тәрбиесінде еңбегі зор аналарымыздың ісін дәріптеуді мақсат еткен орталықтың жұмысымен танысты. 

Әрі қарай, «Өнер орталығында» болып, келбеті келіскен өнер ордасының әсем ғимаратын аралады.

Ардагерлердің сапары Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиевтің инвесторлығымен, қамқорлығымен бүгінгі биігіне көтерілген елді мекен  Нағи Ілиясов ауылында жалғасты. Ардагерлер кішкене ғана ауылдың жұп-жұмыр тіршілігі мен әдемі келбетіне куә болды.

Ауылды аралау барысында Абзал Ералиев Ақжар ауылының ардагерлерімен кездесіп, ауыл еңбеккерлері, ауылдың тыныс-тіршілігі туралы ойымен бөлісті. Жып –жылы кездесу үлкен әсері сыйлады.

− «Қарты бар үй қазыналы» деген халқымыз. Бүгінгі сапар ауыл ардагерлеріне деген құрметіміз. Осы саяхатқа демеуші болған «Ораз Ахун», «Ақжар» шаруашылықтарының басшыларына алғыс білдіреміз. Мұндай әсерлі кеш алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, − деді ауыл әкімі Нұржамал Тұрсынбаева.

 Ардагерлер де өз кезегінде демеушілерге алғысын білдіріп, баталарын берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<