Архив- тарих сақтаушысы

422

0

Фото: Мәдениет басқармасы

Бүгін жергілікті мекеме мамандарына құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге арналған семинар өтті.

Семинарға тиісті басқармалардан 31 жауапты маман мен бөлім басшылары қатысты.

Жиын барысында Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қ.Жанұзақов сөз сөйлеп, құжаттардың сақталуы және архив ісінің маңыздылығына тоқталды.

Семинарда Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева, «Қоғамдық саяси тарихи архиві» филиалының басшысы Ж.Құттықожаева, Облыс әкімі аппаратының маманы А.Рақымбекова, «Қызылорда қалалық архиві» филиалының басшысы Ж.Байғараева және архив қызметкерлері баяндама оқыды. Семинар барысында ведомствалық архивте құжаттардың қалыптасуы, істер номенклатурасын құрастыру, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу және «Е-архив» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау тақырыптары қозғалып, мамандарды толғандырып жүрген сұрақтар талқыланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<