Қарияны құтқарды

209

0

7 қаңтар күні қала тұрғыны қарт әжейдің үй есігін ашпай жатқандығы жөнінде келіні «112» нөміріне хабарлаған.

 Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жоғарғы қабат арқылы терезеден үй ішіне еніп, есікті ішінен ашып кіреді. Сол мезетте әжейдің үй ішінде абайсызда құлап, ес-түссіз жатқандығы анықталды. Құтқарушылар науқасқа алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Қазіргі таңда дәрігерлердің анықтауымен әжейдің инсульт алғаны белгілі болды.

Айта кетейік, 90 жастағы қарияны құтқару үшін Жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 мейірбике және 1 бірлік техника жұмылдырылды.

Қызылорда облысы ТЖД
Өрт сөндіру жәнеавариялық-құтқару жұмыстары қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<