
Осыдан бірнеше жыл бұрын Сыр өңіріне келген Елбасы, жастармен кездескен болатын. Сонда 7 жасар Нұрсұлтан есімді балақай астананы көргісі келетінін айтқан. Көп ұзамай арманы орындалды. Әсем қаланың сұлулығын тамашалап, зәулім ғимараттарын тамсана қарағанын балақай жасырмады. Міне, жас ұрпақ үшін астана – арман қала. Келешек жастардың қаласы. Сондықтан, «Нұр-Сұлтан» атауы құптарлық. Бұл өскелең ұрпақтың жадында сақталуы тиіс тарихи шешім. Біз Тұңғыш Елбасымыздың еліміз үшін жасаған еңбегін ұмытпауымыз керек.
Серік ӘБІЛ,
облыстық «Жасыл ел» еңбек жасағының жетекшісі.