Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылында мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшесі жоқ, шалғайдағы елді-мекендерде орын алуы мүмкін өрттерді сөндіру үшін салтанатты түрде өрт сөндіру бекеті ашылды.
Қармақшы ауданы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ө. Сақтабаев пен «ӨСжАҚЖҚ» ММ №5 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау капитаны Е.Қорықбаев Қармақшы ауылдық округінің әкімі Ә. Білімжановтың қатысуымен жаңа өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылуын өткізді.
Өрт сөндіру бекетінің жарақтарында МТЗ-80 тракторы және УПП-3 (тіркемелі әмбебап) бар, бекетте күнделікті кезекшілікке штаттағы 2 адам түседі.
Қармақшы ауылына ең жақын өрт сөндіру бөлімі 30 шақырымда орналасқан. Статистика бойынша жыл басынан бері Қармақшы ауданында 47 өрт, Қармақшы ауылында 4 өрт тіркелген және олардың барлығы да тұрғын секторда орын алған. Өрт сөндіру бекетінің шығу радиусында 880 халқы бар 2 елді мекен орналасқан.
Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті
өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы





