Қармақшыда алғаш рет «Жас шың» жастар сыйлығы табысталды

271

0

Аудан әкімі М.Қалдарбеков жастар форумында ауданымызда өз саласында үздік нәтижелерге қол жеткізген жастарға арналған алғаш рет «Жас Шың» жастар сыйлығын табыстады.
Жастар форумында сөз алған аудан әкімі Мұса Оспанұлы – Халқымыздың «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деген нақыл сөзі бекерге айтылмаған. Қасиетті Қармақшы өңірінің жастарының бойында да бастамашылық, шығармашылық, еңбекқорлық рухын көруге болады.
Аудан көлемінде «Zhas Projekt» жобасы арқылы шағын кәсіпкерлік бағытында жастардың бірқатар жобалары жүзеге асқаны белгілі.
Біздің жастарымыздың нарықтың жай-күйін шынайы бағалай білетіні, одан өз орнын іздейтіні, анағұрлым бәсекеге қабілетті өнімдер ұсынуға тырысатыны байқалады.
Ауданымызда дарынды жастарға қолдау көрсету және өз идеяларын нақты жобаларға айналдыруға көмектесу бағытында жұмыстарды жандандыруымыз керек деп есептеймін.
Алдағы 2020 жыл «Волонтерлар жылы» болуының өзі де жастар арасында ғана емес, жылпы тұрғындар арасындағы азаматтық қоғам институттарының дамуына жасалған қадам деп білеміз. Еріктілер қозғалысының да көш басында жастар болатынына сенемін – деп телектестігін білдірді.  
Сонымен бірге аудан әкімінің алғыс хаттарымен форум аясында дебат ойындары мен үстел теннисінен ұйымдастырылған аудан әкімінің кубогының жеңімпаздары марапатталды.
Атап айтар болсақ дебат ойындарынан 1 орынды Қазалы ауданының командасы, 2-орынды Жалағаш ауданының командасы, 3-орынды Қармақшы ауданының командасы иеленді. Ал үстел теннисі бойынша 1-орынды Қазалы ауданының командасы, 2-орынды Қармақшы ауданының командасы, 3-орынды Жалағаш ауданының командасына иеленді.
Форум барысында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қ.Жанұзақов арнайы қатысып, форум келген қонақтар мен жастарға құттықтауын жеткізіп, жастар саясаты саласының дамуына үлес қосып жүрген жастарымызға облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамовтың және басқарма басшысының алғыс хаттарын табыстады.
Форум жұмысын жаңа техногиялары жобалау мен өмірге енгізуде республикаға танымал жас ғалымдардың тыңдалымдары мен аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<