Қармақшыда бір топ полицей марапатталды

208

0

Қазақстан полициясының кәсіби мерекесі күніне байланысты бүгін аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.
Салтанатты шарада аудан әкімі Сұлтан Мақашов өңір тұрғындарының тыныштығын күзетіп, қоғамдық тәртіпті сақтауда полиция қызметкерлерінің еткен еселі еңбектерін ерекшелеп, сала бойынша атқарылған жұмыстарды саралады. Сондай-ақ, сала қызметкерлерін, оның ішінде полиция майоры Қанат Ерманов, полиция капитаны Болат Айтмамбетов пен Дархан Хорамбаевты ІІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарында мінсіз қызметі үшін» төс белгісімен марапаттаса, бір топ сала озаттарына Алғыс хат тапсырды.
Мерекелік шара соңы аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<