Қармақшыда екі жүк көлігі соқтығысып, 1 адам қаза тапты

226

0

Бүгін таңғы сағат 9-дар шамасында Қармақшы ауданының Ақтөбе ауылы тұсында екі жүк автокөлігі соқтығысты.

Республикалық маңызы бар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолындағы апат салдарынан 1 адам қайтыс болып, 2 адам жарақаттанды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, төтенше жағдай және медицина қызметкерлері жұмыс жасап жатыр.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы).  Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Өз кезегінде жолдардағы төтенше жағдайларды болдырмау үшін Қызылорда облысының Полиция департаменті жылдамдық режимі мен ара қашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді. Жол қозғалысы ережелерін бұзу, әсіресе қолайсыз ауа райы мен көктайғақ кезінде елеулі жол-көлік оқиғаларының себебі болуы мүмкін.

                                       

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<