Қармақшыда күрес залы пайдалануға берілді

983

0

Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде «Күрес залы» пайдалануға берілді.
Жеке кәсіпкер Үрзада Бекмұрзаева тарту еткен ғимараттың тұсаукесер рәсімі еліміздің ең ұлық, қасиетті де қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күніне орайластырылып, ел игілігіне пайдалануға берілді.
Аталған залдың ашылу салтанатына аудан әкімі Мұса Қалдарбеков арнай барып қатысып, жас спортшыларға тілектестігін білдірді.
Ал, заманауи үлгіде салынған «Күрес залы» керекті құрал-жабдықтармен түгел қамтамасыз етілген.
Онда шәкірттер дайындалатын негізгі залдан бөлек, жаттықтырушылар мен спортшылардың киім ауыстыратын бөлмелеріне дейін қарастырылған.
Жылумен, ауыз сумен толық қамтылған. Бір сөзбен айтқанда, болашақ чемпиондар үшін барлық жағдай жасалған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<